Еріктілер балқаштықтардың пәтерін өрттен кейін жөндеп берді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Балқаштық зейнеткер оттан аман қалып қана қоймай, оған жанашыр жандар пәтерін қалпына келтіруге көмектесті.
Ақпан айының ортасында өрт бөлімшесінің пультіне пәтерді от шарпығаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Бір бөлмелі пәтерде жиһаз жанып, ішінде 69 жастағы балқаш тұрғыны болған.Өрт 10 минутта сөндірілді. Ер адам I және II дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Зардап шегушінің пәтері түгелдей өртеніп кеткен. Бөлме қоқысқа толып, жылу жүйесі мен сумен жабдықтау құбырлары тозған.
Бұл туралы ақпарат әкімдікке берілді. Қалалық мәслихат депутаты Болат Мусин зейнеткерге өз еркімен көмек көрсетті. Оған «Горкомхоз-2012» ЖШС қызметкерлері қолдау көрсетті.
Балқаштың «Күміс» еріктілері барлық қоқысты пәтерден шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қабырғалар ескі тұсқағаздардан тазаланып, терезелер, есіктер сырланды, едені жылытылды. Олар тіпті қажетті жиһаз алып келген.
Нәтижесінде емделіп шыққан зейнеткер жаңартылған пәтерге оралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аға анықтаушы: Полицей болу – өмірлік мектебім
Келесі жаңалық
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Өзгелердің жаңалығы