8 Наурыз 2024 2024, 20:11
Фото: gov.kz
Еріктілер астаналық нәзікжандыларға тосын-сый жасады
"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері аудан әкімдіктерімен бірге мерекелік акцияны жалғастыруда, оның аясында елорда тұрғындарын 8 наурыздан бастап құттықтап, гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - халықаралық әйелдер күнінің маңыздылығына назар аудару, сондай-ақ ауданда жағымды және мерекелік атмосфера құру.
Біз шоколадпен гүл тараттық. Бұл акция арқылы әйелдерге күлкі, жақсы көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлағымыз келді. Айта кетейік, бұл іс-шараны кешеден бері өткізіп келеміз, - деді еріктілердің бірі Айдан Байғандыев.
Астаналық нәзікжандылар бөгде адамдардың күтпеген жерден гүлмен құттықтауы қуаныш сыйлағанын жасырмады.
Жастарға көрсеткен құрметі үшін алғыс айтамын. Осы керемет күнде баршаңызға бақыт пен махаббат тілеймін, - деді Жамал Айтпаева.
Еріктілер қазірдің өзінде мыңнан аса қызғалдақ сыйлады. Акция әлі де жалғасуда.