Ерік Сұлтанов солтүстіктегі шаруалармен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысанға арнайы барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар кезінде депутат Ленинград ауылдық округін абаттандыру барысымен, жаңа диірменнің жай-күйімен және Дәуіт-Ленинград автожолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ерік Сұлтанов аудан тұрғындарымен кездесуде жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған басымдықтарды атап өтіп, «Көкшетау жолдары» ЖШС-ның жұмысына оң баға берді.

Еліміздің барлық автожолдарын жаңғырту, заманауи, жайлы және сенімді көлік инфрақұрылымын құру – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған маңызды міндеттердің бірі, – деді сенатор Ерік Сұлтанов.

Депутат Уәлиханов ауданының шаруаларымен кездесіп, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерді талқылап, астық қоймасының, мал шаруашылығы және сүт-тауар фермасының қызметімен танысты.

Кездесу барысында сенатор жерлестеріне Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, өткен сессия барысында қабылданған заңдардың негізгі нормаларына тоқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы