Ергебеков: Гендерлік теңдік - еркектердің проблемасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор, қоғам белсендісі Молдияр Ергебеков «Ұрпақтар теңдігі - күнделікті өмірдегі әйелдер құқықтарын іске асыру» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Гендерлік теңдікке тек әйелдердің жеке мәселесі ретінде қарайтын түсінік қоғамда бар. Гендерлік теңдік - еркектердің проблемасы. Себебі патриархал құндылықтарға ие еркектер проблема туғызады. Әйелдердің мансаптық тұрғыдан өсе алмауы, қоғамда маңызды статусқа ие бола алмауы - патриархал мәдениеттің болмауынан орын алады, - деді ол.

Ергебеков соңғы 6 жылда әйел теңдігі мен еркіндігін зерттеп жүргенін айтты. 

Қазақстанда ер мен әйел тең болуы керек деген заңдар бар. Бірақ мәдениет трансформацияланбаса, өзгермесе заңдар орындалмайды. Орындалса да, баяу жүзеге асырылады. Сондықтан мәдениетті өзгерту керек. Біз енді дамып келе жатқан қоғамбыз. Дамыған қоғам болу үшін міндетті түрде гендерлік теңдікті дамытуымыз керек, - деді Ергебеков. 

Айта кетейік, іс-шараны Финляндияның Қазақстандағы елшілігі "БҰҰ-әйелдер" құрылымымен және БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорымен (ЮНФПА) бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы