Ерғалиев инфляцияны реттейтін шаралар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.
Жаһандық пандемия әлемдегі инфляциялық процестерге қысым жасайтын бұрын-соңды болмаған макроэкономикалық соққыға айналды. Салдарынан халықаралық қаржы ұйымдары 2022 жылы инфлияцияның 3,9 пайызға жеделдеуін болжап отыр. Қазақстанда тамыздағы инфляция 0,5 пайызды құрады. Маусымаралық факторлар және кейінге қалдырылған сұраныс әсерінен ақылы қызметтер мен азық-түлік тауар бағаларының үлесі артты, - деді Ерғалиев.
Министр атағандай, осының салдарынан ақылы қызметтердің өсуі 0,8 пайызды құраған.
Жылдық есептеуде Қазақстанда 8 айдың қорытындысы бойынша инфляция 8,7 пайызды құрады. Елімізде бағаның тежеуін реттеу мақсатында 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы кешенді шаралар жоспары әзірленді, - деді Ерғалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Мемлекет қаржысын басқару» тұжырымдамасы әзірленеді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы