Ерғалиев атқарушы органдарға бес ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берді.

Әсет Ерғаливе орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отырғанын жеткізді:

Біріншіден. Тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау, іскерлік белсенділікті қолдау бойынша бизнес сұраныстарына жедел түрде жауап беру.

Екіншіден. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалардың маусымдық өсуіне жол бермеу және Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін іске асырудағы тиімділігін қадағалау.

Үшіншіден. Өңдеу және тау-кен өнеркәсіптерінде өндірістің жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету.

Төртіншіден. Экспорттың негізгі салалары мен бағыттары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін белсенді түрде жағдай жасау.

Бесіншіден. Жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асырылуын қадағалау, тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру.

Министрдің атап өтуінше, жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы