Ерейментау аудандық ауруханасына кәсіпкерлер 20 пульсоксиметр сыйға тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақмол облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановтың өтініші бойынша кәсіпкерлер денсаулық сақтау жүйесіне демеушілік жасауда. Кәсіпкерлер Гүлжан Аманжолова, Торғын Әлиева және Сәуле Қалиева 20 пульсоксиметр сатып алу үшін аудандық ауруханаға 500 000 теңге көлемінде қаржы бөлді.Пульсоксиметр - бұл капиллярлық қандағы оттегі деңгейін және жүрек жиілігін анықтау үшін қолданылатын инвазивті емес медициналық құрал (пульсоксиметрия).
Коронавирус инфекциясына байланысты өкпе қабынып, оның бір бөлігі қанды оттегімен байыту процесінен шығады, сатурация төмендей бастайды. Сатурация деңгейі неғұрлым төмен болса, өкпе байланыстары соғұрлым күшейіп, науқастың жағдайы нашарлай береді. Сондықтан бұл көрсеткішті мұқият қадағалау өте маңызды.
Өкінішке қарай, әлі күнге дейін бізде пульсоксиметрлер жеткіліксіз болған, бірақ енді кәсіпкерлеріміздің арқасында, жұқпалы аурулар бөлімінің әрбір палатасы, аудандық аурухананың дәрігерлік амбулаториялары мен жедел жәрдем машиналары осы құрылғылармен жарақтандырылады, бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді, - деп атап өтті Ерейментау аудандық ауруханасының бас дәрігері Марал Сүлейменова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ COVID-ке қарсы жаппай вакцинацияға қатысты болжам жасады
Өзгелердің жаңалығы