Еревандағы әлем чемпионаты: Қазақстандық 4 боксшы финалға шықты

Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан бокстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Қазақстан құрамасынан 4 боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.

3 желтоқсанда Қазақстан сапынан: Аяжан Сыдық (54 кг) Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен, Толғанай Қасымхан (60 кг) ресейлік Кира Леоновамен, ал Айсұлу Мұхит (66 кг) румындық спортшы Амалиа Тугуимен кездеседі.

4 желтоқсанда ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 54 келіге дейінгі санатта Нұрасыл Төлебек үндістандық Джатинмен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы