Ереванда «Қазақстандық тартылыс күші» деректі фильмі көрсетілді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысына орайластырылған «Қазақстандық тартылыс күші» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Ереван мемлекеттік университетінің теология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Елші Болат Иманбаев құттықтау сөзінде қатысушыларды конфессияаралық және дінаралық диалогты нығайту жөніндегі Қазақстанның қызметімен таныстыра отырып, елде 100-ден астам этнос өкілдері татулық және келісімде өмір сүріп жатқанын, 18 конфессияны біріктіретін 4000-ға жуық діни бірлестіктер еркін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Съезд Хатшылығының жұмысында Армян апостолдық шіркеуінің өкілі Әулие Григорий ағартушы соборының аббаты, Әулие Эчмиадзин епископы Анушаван Жамкочян қазақ-армян байланыстарының сан ғасырлық тарихын айтып, бұған дәлел ретінде Еревандағы жазбаша ескерткіштердің ірі мұражайларының бірі – ежелгі қолжазбалар институты «Матенадаран»-да сақталған ежелгі қыпшақ тілді армянографиялық қолжазбалары куә екендігін жеткізді. Форумның маңыздылығына тоқтала келе, Епископ «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің диалог алаңы әлемде, оның ішінде Оңтүстік Кавказ аймағында болып жатқан оқиғалар аясында өзектілігін арттыра түсуде» деп атап өтті.

Іс-шара соңында пікір алмасу өтті, оның барысында қатысушылар Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде халықтар мен елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдау ісіне қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы