Ерекшелігі бар театр Астанада өнер көрсетеді
Бұл туралы Дельфий Комитетінің директоры, #EREKSHETeatr авторы және продюсері Құралай Түспекова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Дельфий комитеті, мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау және елімізде меценаттық және қайырымдылық институтын дамытуы бағытында бірқатар мәдени шара өткізбек. 2023 жылдың 5 және 6 ақпанында Астанада #EREKSHEteatr арнайы актерлер театрының гастрольдік сапары туралы хабарлағымыз келеді, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, гастрольдік сапарды Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдап, іс-шаралардың біріне қатысқанын растады.
Біздің актерлар сахнада ойнамайды, олар сахнада өмір сүреді. Бұл гастрольдік сапарымыздың басты мақсаты – халықтын назарын ерекше балаларға аудару. Талантты бала сүйген ісімен айналысса, оған ешқандай шек пен шектеу жоқ екенін қазақстандықтар түсінсе дейміз! Театр арқылы біз балаларды әлеуметтендіруде ғана емес, денсаулық жағдайының да айтарлықтай жақсарғанын көріп отырмыз. Дельфий комитетінің ұжымы еліміздің әр аймағында ерекше балалардың тобын құру арқылы солтүстікқазақстандық балалармен қол жеткізген табысын қайталауды мақсат етіп отыр, - Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры, #EREKSHETeatr авторы және продюсері Құралай Түспекова.
2019 жылы театр еліміздің 20 қаласында және халықаралық фестивальдерде қойылым қойған. 2020 жылы #EREKSHETeatr Қырғызстанның Бішкек қаласына арнайы шақырылған.