«Ерекше» жасөспірімдерге кәсіби бағдар беретін онлайн-мектеп ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы жаңа жоба «Leader Z» кәсіптік бағдарлау онлайн-мектебіне оқуға өтінімдер қабылдауды бастады.
Жобаға қатысуға Қазақстанда тұратын 13 жастан 19 жасқа дейінгі мүгедектігі бар жасөспірімдер шақырылады.
«Leader Z» - балаларға болашақта жұмысқа орналасу үшін кәсіби дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз-өзіне күмәндануды жеңуге көмектесетін тегін кешенді оқыту бағдарламасы.
Оқыту курсы үш айға созылады. Бастапқы кезеңде оқушылардың мықты және дамытуды қажет ететін қабілеттері анықталып, жеке профайл қалыптастырылады.
Екінші кезеңде негізгі компьютерлік дағдылар оқытылады: браузермен, электрондық поштамен, қосымшалармен және бағдарламалармен жұмыс. Кейін профиль мен оқушылардың қалауларына сүйене отырып, жасөспірімдерді мобилография, эскиздер, scratch және STEAM курстарына бөледі.
Барлық курс балалар үшін қолжетімді және әртүрлі бағыттарға ие. Мысалы, скетчинг балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі, ал мобилография уақытының көп бөлігін қолындағы смартфонмен өткізетін балаларға арналған.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «ITeachMe» қоғамдық қоры іске асырады.
Біз Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық береміз. Кәсіби бағдар беру онлайн-мектебі - жасөспірімдерге жаңа таланттар мен дағдыларды ашуға және дамытуға, сондай-ақ олардың болашақта өзін-өзі қамтамасыз ете алатын үздік маман болу мүмкіндігі бар екенін түсінуге көмектесетін ерекше жоба, - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust»қҚорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Оқыту қорытындысы бойынша әр жасөспірім бизнес-компанияға экскурсиялардың арқасында таңдалған бағытпен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.
Бүгінде бизнес өкілдері «ерекше» қажеттіліктері бар адамдармен ынтымақтастыққа дайын. Біздің жобаларымыздың мысалында біз қазір цифрландыру дәуірінде жұмыс берушілер физикалық шектеулерге емес, кәсіби дағдылар мен soft skills-ке назар аударатынына көз жеткіздік. Бұған біз «Leader Z» онлайн-мектебінде басты назар аударамыз, - деп атап өтті «ITeachMe» қорының басшысы Захира Бегалиева.
Онлайн-кәсіптік бағдар беру мектебінің оқушысы болу үшін сілтеме бойынша өтінімді толтыру қажет.
Өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
«Leader Z» жобасы туралы толығырақ ақпаратты iteachme.kz сайтынан алуға болады.