Ерекше "технология": Қалақтың орнына тәпішке қолданған қостанайлық жұмысшылар күлкіге қалды
Қостанайда жол жиегіндегі бордюрді жөндеу кезінде жұмысшылар лай жағуға арналған қалақтың орнына тәпішке пайдаланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жұмысшылардың өз аяқ киімдерін шешіп, оны лайды бордюрге жағуға қолданғаны анық көрінеді.
Бұл ерекше әдіс желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Біреулер мұны еңбекқорлық пен тапқырлықтың белгісі деп бағаласа, енді біреулері оны кәсіби стандарттардың өрескел бұзылуы деп сынаған.
Тәпішке дегенің қазір қалақтың орнын басып отыр. Міне, тапқырлық!, - деп жазды бір қолданушы әзіл-шыны аралас.
Тағы бірі:
Бұл күлкілі емес, қауіпті. Жұмыс қауіпсіздігі қайда қалды? - деп алаңдаушылық білдірді.
Әзірге жергілікті билік пен жол жөндеу мекемелері бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін желіде алматылық жігіттің кеңсе орындығын самокатқа орнатып алған видеосы тараған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы