Кесеге шәй құйылып жатыр: Түркістанда ерекше субұрқақ ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда кесеге су құйылып тұратын шәйнек бейнесіндегі субұрқақ пайда болды. 

Оның құрылымының ерекшелігі сондай, шәйнектің қайда тіреліп тұрғанын әуел баста түсінбей қалуыңыз мүмкін. 

Су бұрқақтың ашылу рәсімінде түсірілген тұсаукесер видеосын Түркістан қаласының басшысы Рашид Аюпов өзінің жеке парақшасында жариялады. 


Көптеген әлеуметтік желіні қолданушылар бұл фонтанға "италиялық" деген атау беріп, еліміздің рухани астанасының жаңа бір лебіне балады. Ал, кейбір желі белсенділері судың орнына қымыз немес шәй құйылса құба-құп болар еді деп есептейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы