Ерекше қажеттіліктері бар шабандоздар алғаш рет Астана кубогына қатысады

«Арғымақ» спорттық-сауықтыру кешенінің манежіне Астана, Ақтау, Өскемен және Риддер қалаларынан келген шабандоздар жиналды. Бүгін олар Елорда кубогы үшін сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс Қазақстанның Олимпиада ойындарының арнайы бағдарламасына қатысу жолында бастама болмақ.

Спорт – ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту және оларды қоғамға бейімдеу үшін маңызды бағыттардың бірі. Олардың өздерін жүзеге асыруға қосымша мүмкіндігі болуы үшін біз бұл турнирді жыл сайын өткіземіз деп үміттенеміз, – деді елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Ақзамов.

Өз кезегінде «Арғымақ» ат-спорт кешенінің директоры жарыс арнайы Олимпиада бағдарламасы бойынша өтіп жатқанын атап өтті: қатысушылар атты ерттеп, шауып, өз дағдыларын көрсетеді. Ол бұл бағдарламаны елімізде танымал ету ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық шабандоздарға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Мен – Самира Сабированың анасымын, ол 13 жаста және церебральды сал ауруы бар. Біз ұзақ уақыт бойы «Жансая» әлеуметтік қолдау орталығына хабарласқанға дейін жеке иппотерапиядан өттік. Мұнда біз үшін қажет бағдарлама таңда берді, ал кейін Астана кубогына қатысу үшін де бағдарлама таңдадық. Бұл біз үшін мақтаныш. Бұл біз қатысатын көптеген жарыстардың бірі деп үміттенеміз. Самираның амбициясы бар. Ол жануарларды өте жақсы көреді және ветеринар немесе атқа мінуден чемпион болуды армандайды, – деді Әсел Сабирова.

Жарыс аяқталғаннан кейін спортшылар естелік сыйлықтар мен қатысқаны туралы сертификаттар алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы