Ерекше қажеттілігі бар балалар пластиктен жаңажылдық ойыншықтар жасайды
Алматыда ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуымен "Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып" атты акция басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28 қарашадан бастап балалар қайта өңделген пластиктен шырша ойыншықтары мен әшекейлерін жасады. Бұл бастама "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Барлық ойыншық эко-тренерлердің жетекшілігімен шеберлік дәрістерінде жасалады.
Балалардың еңбегі мойындалады, олар өз қолымен керемет бұйым жасауға қабілетті екенін көреді, - деді жобаның бастамашысы Евгений Мұхамеджанов.
Барлық ниет білдіруші ерекше әшекейлерге тапсырыс беріп, қосымша ақпаратты эко-хабтан ала алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан халқының саны табиғи өсім есебінен қаншаға артты?
Өзгелердің жаңалығы