Ерекше қылмыс. Поштамен жіберілген 2 мың теңге пара

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында бір азамат некені бұзу туралы өтінішін тезірек қабылдау үшін сотқа почтамен конвертке салып, 2 мың теңге жолдаймын деп 353 мың тг айыппұл төлеген. 

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз мәжілісінде белгілі болды. 

Ерекше бір жәйт орын алған екен. Ақмола облысында бір азамат Қазпочта арқылы Көкшетау қаласының сотына өзінің некесін бұзу туралы өтінішін тезірек қабылдау үшін Судьяға арнайы хатын жолдап, сол конвертке 2000 тг салып жіберген. Бұл жағдай анықталып, ол азаматқа 353 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды - дейді бас сарапшы Сымбат Исрапулова. 

Оның айтуынша, алғыстың ең көп таралған түрі мемлекеттік функцияны жүзеге асыратын тұлғалардың телефонына баланс толтыру болып саналады. Немесе 1000-2000 теңге көлемінде қолға ақша ұстату.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облысында провация қызметінің инспекторларына да кейбір азаматтар ұялы телефондарына заңсыз түрде бірліктер салу арқылы жалпы сомасы 5 млн 858 мың теңге көлемінде 14 азамат айыппұл төлеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы