Ерекше мұқтаждықтары бар балалар елорда күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күні мерекесін атап өту аясында қаладағы «Студенттік» саябағының инклюзивті балалар алаңында мүмкігі шектеулі балалар үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов пен «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев балаларды және шараға келушілерді мерекелерімен құттықтады.



Көңілді аниматорлар мен қуыршақтар балалардың көңілдерін көтерді. Сонымен қатар, мерекенің жас қонақтары көңілді старттарға белсене қатысып, аттракциондарға барып, сүйікті «бочча» ойынын ойнады.

Ойындардың барлық қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Көңілді қуыршақтар балаларды өздерінің шырын сусындары және әдемі шарларымен қуанышқа бөлесе, аквагрим шеберлері әрбір бүлдіршіннің өздерінің сүйікті ертегі әлеміне енуге көмектесті. 

Аталмыш шара мерекелік дастархансыз да болған жоқ, онда басты дәм - дәмді палау болды. Іс-шараны «Алматы» ауданы әкімдігі ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы