Ерекше бизнес. Жүзге жуық азамат жұмыспен қамтылды

Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің жанында шағын және орта бизнес дамуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, облыс орталығындағы колониялардың бірінің жанында бір емес, бірнеше шағын кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазір өзге де бизнес түрін ашуға бизнес-жоспарлар әзірленіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, аймақтағы кәсіпкерлер палатасына сабын өндірісі, дәретхана қағазын шығару, сұйық сабын өндіру бойынша жобалар бар. Кәсіпкерлер палатасы олардың әрқайсысын қарастырып, қолдау шараларын қарастырады.

«Атамекен» палатасы бизнес нысанның орналасқан жеріне қарамастан, қолдау көрсетуге тырысамыз. Түзеу мекемелерінде жағдай басқаша: еңбек талаптары басқа, учаскелердің аумағы әр түрлі. Бұл ерекшеліктерге қарамастан, қажетінше көмектесуге әзірміз, - дейді кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда колония жанында өзге кәсіпкерлік нысандарын ашуға жағдайлар жасалған. Қажетті инфрақұрылым, жер учаскесі, ең бастысы, еңбек қолы бар. Қазір он жеке кәсіпкер еңбек етіп, 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мекеме аумағында көрпе, мартац, жастық тігу, металл есіктерін жасау сияқты шағын өндіріс бар. Жұмысшылар өз тұтынушыларына дайын әрі сапалы өнім ұсынады. Темір қоршауларды жасау үшін техникалық мүмкіндіктер бар. Тіпті, тротуарлы кеспетас, құмтас өндіру технологиясы дұрыс жолға қойылған.

Тағы бір кәсіпкер күнделікті тұрмысқа қажет ілгіш, музыкалық аспаптар жасаумен айналысады.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың жарты жылы ішінде несиелердің жалпы құны 46 млрд теңге болатын 420 жоба қолдау тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы