Ерекше баланың арманы орындалды: Ақтөбелік полицейлер Ильяға ұмытылмас мереке сыйлады
Полицейлер оған арнайы сыйлықтар да табыстады.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны Ильяның арманын орындады.
Әлеуметтік желі арқылы полицияға ерекше баланың анасы хабарласып, ұлы Ильяның полицейлермен танысып, қызметтік полиция автокөлігімен серуендеуді көптен бері армандайтынын жеткізген.
Тәртіп сақшылары бұл өтінішке бейжай қарамай, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ильяның үйіне арнайы барды. Олар балаға қызметтік автокөлікті көрсетіп, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, арнайы дыбыстық және жарық белгілерінің жұмысын таныстырды.
Илья үшін ең әсерлі сәт көптен күткен патрульдік автокөлікпен серуендеу болды. Сонымен қатар полицейлер оны келе жатқан мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалысқа қатысты Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалғаны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Одан кейінт әр өңірден келген 100 оқушы Президент резиденциясында қонақ болды.
- Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті: Иран жаңа шектеу енгізді 07:14
- Қазақстанда АҚШ университетімен бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын аяқтады 06:35
- Семейде бір түнде 96 құқық бұзушылық анықталды 05:18
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 02:34
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29