Бүгiн 2026, 13:28 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ерекше балалардың Ұлттық қордағы ақшасын кім басқара алады? – Ұлттық банк түсіндірді

Ерекше балалардың Ұлттық қордағы қаражатын кім пайдалана алады? Ұлттық банк ата-аналардың рөлі мен шектеулерге қатысты түсініктеме берді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ерекше балалардың Ұлттық қордағы ақшасын қалай пайдалануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Сүлейменовке былай деп сұрақ қойды: «Бірінші топтағы психикалық бұзылыстары бар балалар 18 жасқа толған соң, өз бетімен пәтер ала алмайды, себебі олар қабілетсіз. Мұндай балалардың ата-аналары бар, оларды қамтамасыз ете алады. Қазір осы балаларға тиесілі қаражат қалай бөлінеді?»

Менің ойымша, мұнда «Неке, отбасы, ата-ана және қамқорлығы туралы» заңнаманың стандартты нормалары қолданылады. Егер бала өз шешімін өз бетінше қабылдай алмайтын болса, оның орнына әрекеттерді ата-анасы немесе қамқоршысы жүзеге асырады. Қазір мұндай балалар мен қаражат бар, бірақ ата-аналар оны тікелей пайдалана алмайды, себебі бұл қаражат тек балаға арналған. Ата-аналар тек баланың атынан және оның сенімі бойынша әрекет ете алады, егер бала қабілетсіз болса, – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қабілеттілік пен ата-ана құқықтары бойынша стандартты нормалар бар.

Мұндай жағдайлар туындаған кезде, негізінен, мәселе Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысты. Біз қорды басқарамыз, бірақ қаражатты тікелей төлемейміз. Сонымен қатар, бұл қаражаттың толық бақылауы балаларға қатысты Ұлттық банктің қызметінде емес, оны бақылау мәселесі көбінесе министрліктің құзыретіне жатады, – деді Сүлейменов.