Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықта ем-шара жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік кәсіпорынында психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Арнайы әлеуметтік қызметті үйде де, жартылай стационар жағдайында да алуға болады. Қазіргі таңда орталықта 3 бөлімше бар: церебралды сал ауруы диагнозы бар балалар бөлімшесі, даун диагнозы мен аутизм диагнозы бөлімшелері. Орталық үшбұрыш-пирамида жүйесі бойынша жұмыс істейді: маман - әлеуметтік қызметкер-ана. Бала оңалтуға келгенде, орталықтың мамандары балаға жеке диагностика жүргізіп, медициналық мультикомандалық баға береді. Сонан соң баланы емдеудің жеке жоспарын жасайды. Орталықта психологтар, дефектологтар, логопедтер, реабилитологтар, ортопедтар, невропатологтар, сондай-ақ еңбек терапиясы мен музыкотерапия мамандары жұмыс істейді.Бүгінгі таңда бізде 1040 қызмет алушы бар. Олардың 560-мүмкіндігі шектеулі балалар, 480-жалғыз басты қарт адамдар. Оңалту ұзақтығы 3 айды құрайды және жылына 4 рет өтеді. Біздің негізгі қызметіміз арнайы әлеуметтік көмекті үйде көрсету. Біздің әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға аптасына 2 рет барады. Орталықтың балалармен белсенді жұмыстануы нәтижесінде 30 - ға жуық бала алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы сөздерін айтты, - деді директордың міндетін атқарушы Аманбай Ердәулет.Орталық күн сайын балаларды оңалту бойынша іс-шаралар өткізеді.
Бұл орталыққа 4 жыл бойы келудеміз. Менің немерем бұл жерде басқа балалармен араласады, ойнайды. Осы 4 жыл ішінде көп нәрсені үйреніп үлгерді. Орталыққа келуге әрдайым асық, үлкен қуанышпен келеді. Орталық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін, - деп бөлісті Михаил есімді баланың әжесі Светлана Романенко.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сотталды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы