Ердоған: Түркия Ресей мен Украина келіссөздерін қайта өткізуге дайын
Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге делдалдық етуге және бейбіт диалогты қайта жандандыруға әзір екенін атап өтті.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, НАТО саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ердоған Түркия соғыс басталған күннен бері қақтығысты диалог пен дипломатия арқылы шешуді жақтап келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл ұстаным Ресей президенті Владимир Путинге, Украина президенті Владимир Зеленскийге және НАТО-дағы одақтастарға жақсы белгілі.
«Бүгін тағы да әділ бейбітшілікте жеңілгендер болмайтынын айтқым келеді. Түркия тараптарды қайтадан бір үстел басына жинауға дайын», – деді Түркия басшысы.
Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге делдалдық етуге және бейбіт диалогты қайта жандандыруға әзір екенін атап өтті.