28 Ақпан 2023 2023, 18:20
Фото: qazaqtimes.com
Ердоған түрік халқынан кешірім сұрады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ НТВ арнасына сілтеме жасап.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ НТВ арнасына сілтеме жасап.
Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде халықтан кешірім сұрады.
Жер сілкінісінің әсері мен ауа-райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық. Сол үшін кешірім сұраймын, - деді Ердоған.