Ердоған: Стамбулдағы келіссөздердің екінші кезеңі бейбітшілікке жол ашады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған Стамбулдағы келіссөздердің екінші кезеңі бейбітшілікке алып келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоған Ыстамбұлда өтетін келіссөздердің екінші кезеңінде атысты тоқтату мүмкіндігін талқылау бейбітшілік жолына үміт береді, - делінген хабарламада.
Түрік билігі Украина мен Ресей арасында әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш салуды жалғастыратынын нақтылады. Түркия бұған дейін де екі ел арасындағы диалогты қолдап, бейтарап алаң ұсынып келген.
Ал Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Ресей делегациясы 2 маусымда Стамбулда Украинамен тікелей келіссөздерге дайын екенін растады.
Бұған дейін, 28 мамырда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Украинаға жаңа меморандум ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол бейбітшілік процесінің табысты болуы үшін барлық тараптардың келіссөздердің жаңа кезеңін қолдайтынына үміт білдірді.
Стамбулдағы екінші кезең – дипломатиялық үміттің жандануына ықпал етуі мүмкін маңызды қадам. Түркия мен халықаралық қауымдастықтың делдалдық рөлі бұл жолы нақты нәтижеге алып келе ме, ол алдағы күндері белгілі болмақ.