Ердоған БҰҰ Бас хатшысына бейбітшілік сыйлығын табыстайтынын мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерришті 2025 жылғы Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапаттауға ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Haberler порталына сілтеме жасап.

Бұл сыйлықты Антонио Гутерриш мырзаға бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға қосқан үлесі үшін табыстаймыз, – деді Ердоған Республика күніне арналған салтанатты жиында.

Ататүрік атындағы бейбітшілік сыйлығы Түркия Республикасының ресми мемлекеттік наградасы саналады. Ол Мұстафа Кемал Ататүріктің “үйде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік” қағидатына сәйкес, халықаралық татулық пен ізгі ниетті ілгерілеткен тұлғаларға беріледі.

Айта кетсек, осы күні Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен АҚШ президенті Дональд Трампты елдің ең жоғары мемлекеттік марапаты – “Мугунхва” орденімен наградтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы