Бүгiн 2026, 21:21 Фото: Ақорда

Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді, – деп жазылған хабарламада.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Ақорда сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістандағы дайындық барысы түсірілген видеоны бөлісті.