Ердоған 200 мың босқынның ел шекарасында тұрғанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Сирия аумағынан, дәлірек айтқанда, Идлиб қаласынан 200 000-ға жуық босқынның келіп жеткені туралы мәлімдеді.
NTV телеарнасы жүргізген түсірілім барысында Түркия басшысы босқындардың орналастыру жұмыстары жайында айтты, деп жазады Muslim.kz.
Шамамен 200-250 мың босқын бізге қарай келе жатыр. Біз оларды кері қайтаруға тырысамыз, дегенмен бұл өте күрделі шаруа. Өйткені, бұл жерде адам тағдыры тұр, – деді ол.
Бұдан бөлек, Түркия басшысы Батыс елдерін де сынап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы