Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған шешім Үкіметтің 20 желтоқсандағы қаулысымен қабылданғаны аталып өтті.
Қордың хабарлауынша, енді директорлар кеңесінің құрамында сегіз мүше бар. Ал оның төртеуі - тәуелсіз директорлар.
Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады.
«Самұрық-Қазына» қоры мұндай құрылым корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келетінін және стратегиялық шешімдерді теңгерімді қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда медицина саласының басшылары ұсталды
Келесі жаңалық
Астана вокзалында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасалды
Өзгелердің жаңалығы