Ербол Қарашөкеев 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әзірленгенін айтты.

Оның айтуынша, жоспар республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағыттарын қамтиды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып табылады. 
Ұлттық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңдарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш өлшемшарт айқындалған, -деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Қарашөкеевтің атап өтуінше, бірінші өлшемшарт – бұл азық-түлік нарығындағы қол жетімділік деңгейін сипаттайтын азық-түлікке физикалық қол жетімділік.

Екінші өлшемшарт – халықтың азық-түлік сатып алу мүмкіндігін сипаттайтын азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі. Үшінші өлшемшарт –  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі. Тұтастай алғанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету салааралық сипатқа ие және барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап етеді, -деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы