6 Қыркүйек 2026, 23:55 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ербол Мырзабосынов көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншыларымен кездесті

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама ойыншыларына алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан намысын қорғаған ұлттық құрама спортшыларымен кездесті.

Министр ойыншылардың жарыста ел намысын абыроймен қорғап, бар күш-жігерін салғанын атап өтті. Оның айтуынша, спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, сондықтан басты міндет – жігерді жасытпай, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты жалғастыру.

Қазір Қазақстанда 11 ұлттық спорт түрі жүйелі түрде дамытылып келеді. Ұлттық спортқа мемлекеттік қолдауды күшейтіп, спортшыларды даярлауға олимпиадалық спорт түрлерімен тең дәрежеде жағдай жасауға басымдық берілуде.

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама ойыншыларына алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.