Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясына басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тағайындау туралы бүгін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырза ресми құттықтау хатын жолдады.
Бұл комитет – дзюдоның әлемдік деңгейде дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық орган. Министрдің халықаралық спорт қауымдастығындағы бұл қызметі Қазақстанның беделін арттыра түсетіні сөзсіз, - деп жазылған ҚР дзюдо федерациясы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда "Жастар Fest" фестивалі дауға айналды
Өзгелердің жаңалығы