Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
Бүгін Германияда пара биатлоннан әлем кубогында қазақстандық Ербол Хамитов LW12 классында 7.5 км спринтерлік дистанциядағы бәсекеде 22:09.1 уақыт нәтижесін көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыста Қытайқұрамасының өкілдері Лиу Менгтао 21:09.6 нәтижесімен жеңімпаз атанса, Мао Джангву 21:22.9 көрсеткішімен күміс жүлдені иеленді.
Осы дистанцияда өнер көрсеткен Сергей Усольцев 11-шіорынға, ал Юрий Березин 13-ші орынға тұрақтады.
Осы қашықтықта LW6 класында қазақстандық спортшыАлександр Герлиц жарысты 5-орында аяқтады.
Бүгінгі жарыс Милан–Кортина 2026 қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу жарысы болып табылады. Алда Қазақстан ұлттық құрамасын бірнеше іріктеу кезеңі күтіп тұр. Атап айтқанда, пара шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі 14–18 қаңтар аралығында Финстерау қаласында (Германия) өтеді. Сонымен қатар пара биатлон және пара шаңғы жарыстарынан Әлем кубогы кезеңі 22 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушыце қаласында (Польша) ұйымдастырылады. Алдағыжарыстардағы команданың негізгі мақсаты — жоғары нәтижекөрсетіп, қысқы Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшінрейтингтік көрсеткіштерді жақсарту, — деді Қазақстан ұлттық құрамасының пара шаңғы жарысы және пара биатлон бойынша бас жаттықтырушысы Василий Коломиец.
Айта кетсек, пара биатлоннан әлем кубогы 8-11 аралығында Германияның Нотшрай қысқы спорттық орталығында өтуде. Жарысқа 17 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы қатысты.