Ербол Еділов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
Еділов Ербол Оңдағанұлы, 1981 жылы 30 қарашада Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетінің прокурорлық-тергеу факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Еуразиялық оқыту орталығын (2007) «Нормативтік-құқықтық актілер: нормативті-құқықтық актілер мəтіндерін жазудың негізгі сипаттары, заңдарды қабылдаудың құқықтық процедуралары» тақырыбы бойынша; РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы жəне мемлекеттік қызмет академиясын (2014) МВА дəрежесімен бітірген.
Ганновер жəне Гонконг қалаларында оқыту мен машықтанудан өткен.
2000 жылдан – «ХАБАР» агенттігі» АҚ штаттан тыс хатшысы. 2002 жылдан – Жаңаөзен қалалық прокуратурасының қауіпсіздік жөніндегі маманы, прокурордың əлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі көмекшісі; Маңғыстау облыстық прокуратурасының ЭСЖҚКД жəне ҰҚКД-дегі тергеу заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. 2008 жылдан – «Бұрғылау» ЖШС бас директорының құқық мəселелері жəне қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС құқықтық жəне ұйымдастыру жұмысы департаментінің заң кеңесшісі, 2009 жылдан – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ заң департаментінің заң кеңесшісі. 2010 жылдан – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Жедел басқару тобының еңбек қатынастары жөніндегі менеджері, 2012 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры, 2016 жылдан «Бұрғылау» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2017 жылдан «GR Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы директоры, 2018 жылдан Ш.Есенов атындағы КМТИУ ректор кеңесшісі лауазымын атқарған.
Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының өкілі. «KAZENERGY» қауымдастығы Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі. Қазақстан мұнай-газ саласының заңгерлері қауымдастығының мүшесі.
Маңғыстау облысындағы мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» мерейтой белгісімен (2011); Жаңаөзен қаласы əкімінің (2011), Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» ҚҚ құрылтайшысының, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының (2012), Маңғыстау облысы əкімінің (2015) Алғыс хаттарымен марапатталған. Бірнеше рет Маңғыстау облысы прокурорының бұйрықтарымен көтермеленген (2005-2007).