Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне туризмді дамытуға қатысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов облыс әкімдіктеріне туризмді дамытуға қатысты тапсырма берді.
Былтыр туризм саласында қабылданған заңнамалық өзгерістер саланың ең маңызды аспектілерін қозғайтын бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту аясында туризм саласындағы инвестициялық бастаманың басым бағыттағы жоба деп тану шегі 2 млн АЕК-ден 200 мың АЕК-ке дейін төмендетілген болатын. Бұл инвестициялық жобалардың префенциялар алу мүмкіндігін кеңейтті, - деді Үкімет мүшесі.
Ол нақтырақ айтқанда, автопарк, тау шаңғы инфрақұрылымы, жол сервисі, туроператорлар жұмысна қатысты шаралар қабылданғаны туралы айтты.
Бұл шаралар мемлекеттік туризмнің жаңа және реконструкцияланатын объектілері үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды салуға да және реконструкция бағытындағы жұмыстардың да қарқынын арттыруға тікелей әсер еткенін білесіздер. Аймақтарға бұл мәселені дамытуға нақты тапсырмалар берілді. Бірнеше облыста, атап айтқанда, ШҚО, Қарағанды, Солтүстік облыстарында туризмді дамытуға ілеспе инфрақұрылымдардың қажеттілігін қамтамасыз ету міндеті қойылады. Осыны ескере отырып, барлық әкімдікке, әсіресе аталған өңірлердің әкімдіктеріне басым туристік аумақтарындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырамын, - деп Ералы Тоғжанов алқа отырысында әкімдерге тапсырма берді.
Премьер-министр орынбасары атап өткендей, инвестициялық-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.