Ералы Тоғжанов коронавирус індетін жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Facebook-тегі парақшасында жазды.

Менің де өзін-өзі оқшаулау режиміне кетуіме тура келді. Инфекция жұқтырмауға тырысқаныммен, қолымнан келмеді. Коронавирустық инфекцияның симптомсыз түрін анықтады. Тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық ұсынымын қатаң сақтап жатырмын. Отандастарымызды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Маска киіңіздер, антисептик қолданыңыздар, қолды жиі жуып, жеке гигиенаны сақтаңыздар! Барлығыңызға денсаулық тілеймін! - деп жазды Тоғжанов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы