Кеше 2026, 21:37 Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Ер адамға аз сөйлеген жарасады – Димаш

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген неге сирек сұхбат беретінін түсіндірді. Өнер иесінің пікірінше, ер азаматқа көп сөйлемей, қысқа қайыран жарасады.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген сұхбатқа, шығармашылыққа және қазіргі замандағы музыканың рөліне қатысты көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнерпаз бұқаралық ақпарат құралдарында жиі сөйлеуге ұмтылмайтынын, себебі басты назарды өзінің музыкалық мансабын дамытуға аударатынын айтты. Оның сөзінше, нағыз артист ең алдымен ән айтып, кәсіби тұрғыда үнемі шыңдалуы керек.

Мен сұхбат беруді аса ұната бермеймін. Ер адамға аз сөйлеген жарасады, – деді әнші Астанада өткен форумда.

Димаш музыка өзі үшін жай ғана мамандық емес, өмірлік іс екенін атап өтті. Ол музыканы әртүрлі мәдениет пен елдерді біріктіретін құрал ретінде қарастырады.