Елордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 34 жастағы тұрғыны масаң күйінде 4-қабаттың балконынан секіргісі келген. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ер адамды аман алып қалды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 34 жастағы тұрғыны масаң күйінде 4-қабаттың балконынан секіргісі келген. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ер адамды аман алып қалды, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"2 маусымда "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Таха-Хусейн көшесі бойындағы әкімшілік аумақты аралау кезінде "Ер адам 4-қабаттың балконынан секірейін деп жатыр" деген адамдардың айқайын естіп, тез арада көмектесуге кірісті. Сонымен қатар, осы оқиғаны көрген куәгерлердің бірі 102-ге қоңырау шалған. Осы уақытта, Таха-Хусейн мекенжайына жақын жерде патрульде жүрген Талас-111 полиция нарядының құрамында болған Мұхаметқали Қалдыбеков пен Қаят Пшембай оқиға орнына келіп, ер адамды құтқаруға көмектесе бастады", - делінген таратылған ақпаратта.
Тәртіп сақшылары өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, өздерінің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ер адамды өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінен құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026