Ер адамды азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр - Бас прокуратура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері А.Б. Батырбаевты ұрып-соққаны туралы ақпарат таралған.
Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз.
23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.
Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы