12 Қазан 2023 2023, 17:02 Фото: - архив

Ер адамдар әйелдерге қарағанда қатерлі ісіктен көп қайтыс болады

Ер адамдар әйелдерге қарағанда қатерлі ісікке көп шалдығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ер адамдар әйелдерге қарағанда қатерлі ісікке көп шалдығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Таралуы бойынша бірінші орында - сүт безі обыры (13%), екінші орында - өкпе обыры (10%), үшінші орында – ішек обыры (9%) тұр. Жыл сайын 5 мың әйелге сүт безі қатерлі ісігінің диагнозы қойылады, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол қатерлі ісіктен орын алатын өлім-жітім ер адамдар арасында көп кездесетініне тоқталды.

Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады. Әсіресе қатерлі ісіктен ер дамдар жиі өледі (53%), бұл өлім құрылымымен байланысты. Бірінші орында - өкпе обыры (16%), екінші орында –асқазан обыры (12%), үшінші орында-ішек обыры (11%), 4 орында - сүт безі обыры (8%) тұр. Темекі шегу – өкпе қатерлі ісігінің 90%-ның себебі, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ол жыл сайын 30 мыңға жуық қазақстандық қатерлі дертке шалдығатыны туралы айтқан болатын.