Ер адамдар арасындағы жанжал тапаншадан оқ атумен аяқталды

Алматының Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жанжалдасып, салдарынан біреуіне газ тапаншасынан оқ атылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты ПД түсініктеме жасады.

Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен атқан. Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген “ИЖ” газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, - делінген ведомство мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы