Ер адам ұтысы бар лоторея билетін алып, әйелінен қашып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта күйеуі әйелінен жеңген лоторея билетін алып қашып кетті. Бұл туралы Asia One жазды.

Ерлі-зайыптылар лоторея ұтысын тең бөлеміз деп келіскен. Бірақ, олар кейін ренжісіп, күйеуі жеңген билетті алып, үйінен кетіп қалады. Әйелі берден полицияға арыз жазды.

Порнтида Чамнанвет және оның күйеуі Виджак Ваннапрасит лоторея билетін сатып алады және сол билет алты миллион бат (270 млн доллар) ұтысқа ие болады.Екеуі бірден полицияға барып, билетін тіркейді де, билет ұтысын бірдей бөліп аламыз деп келіседі.

Бірақ, ертесі Ваннапрасит әйеліне ұтыстың 3 миллионын емес, тек 2 млн батын аласың деген соң, екеуі ұрсысып қалады. Содан соң күйеуі билетті алып, үйінен кетіп қалады. Порнтида Чамнанвет бірден құқық қорғау органдарына хабарласып, күйеуіне билеттің ұтысын шығарып алуына тыйым салуды сұрайды.

Тайландтық БАҚ оқиғаны "жарысып жазды". Сонымен қатар, әйелдің қорғаушысы билетті заңсыз алғаны үшін күйеуі үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Кейін Виджак Ваннапрасит әйеліне келді. Енді олар ұтыстың ақшасын алып, екіге тең бөлуге келіскен.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы