Ер адам екі баласымен қоса көпқабатты үйден секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Саратов облысында ер адам мен екі бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
РФ облыстық ТК тергеу басқармасының баспасөз қызметінің қайғылы оқиғаны растады.
"Қазіргі уақытта ер адам мен екі баланың көпқабатты тұрғын үйден құлап кеткені белгілі. Оқиға орнында біздің қызметкерлер жұмыс жасауда, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлік ведомствосының мәліметінше, ер адам мен балалардың біреуі оқиға орнында қаза тапты.
"Тағы бір бала өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.
Өңірдің балалар құқығы жөнінде уәкілі Татьяна Загородняяның сөзінше, ер адам екі баланың әкесі.
"Алдын ала мәлімет бойынша ер адам балалардың әкесі екені белгілі. Балалардың біреуі -1 жастағы ұл бала, ал екіншісі - 4 жастағы қыз бала", - деді Загородняя.
Омбудсмен аталмыш оқиғаны өз бақылауына алды.