Ер адам құны 13 млн-нан асатын мал ұрлап кеткен

ШҚО полицейлері облыс прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасауда мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан жергілікті тұрғынды құрықтады.

Жүргізу барысында осы азаматтың Ұлан ауданының аумағында 2023 жылы жасаған мал ұрлығының 3 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Ұрланған малдың жалпы саны 33 бас. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің қабылдаған шаралар нәтижесінде ұрланған мал Алматы облысындағы мал базарларының бірінен алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Материалдық залал толығымен өтелді. Күдікті ұсталып ҚПК-нің 128-бабы (Ұстап алу негіздері) тәртібінде Ұлан ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы