Павлодарда ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін Айманов көшесі, 18 мекенжайы бойынша шақырғанын хабарлады.
Сол жерден кеудесінен пышақ жарақатын алған 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп нақтылады ведомствода.
Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де ақпарат таратылмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин: Елорданың қақ ортасында қыз ұзатқандар ұсталды
Өзгелердің жаңалығы