Ер адам полицияға 2,5 миллион теңгеге жуық қарызын бөліп төлейді
Еліміздегі соттардың бірінде Полиция департаменті мен автокөлік иесі арасындағы дау аяқталып, тараптар татуласуға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасап.
Сот ісінің себебі – 2007 жылы шыққан көлікті алғаш рет тіркеу кезінде міндетті алымның төленбеуі болған. Полиция департаменті жауапкерден 6 945 000 теңге өндіріп алуды талап еткен.
Алайда сот отырысы барысында тараптар өзара келісімге келді. Келісім бойынша жауапкер талапкерге 4 475 290 теңге сомасын ерікті түрде төлеген. Қалған шамамен 2,4 миллион теңге қарызын ол 2025 жылдың 10 қазанынан бастап ай сайын 50 000 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенді.
Сот татуласу туралы келісімнің шарттарын бекітіп, іс жүргізу ресми түрде тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы