Ер адам ақбөкеннің ұшасын сатқаны үшін сотталды
Ақбөкендердің популяциясын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында оларды тіршілік ету ортасынан, олардың бөліктері мен дериваттарынан (мүйіз, қан және т.б.) алуға (табуға, аулауға, атуға, жинауға, күресуге) тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арқалық қаласының прокуратурасымен талдау барысында қала тұрғыны қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқаны анықталды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.
Сот азаматты 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен автокөлікті тәркілеумен экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Үкім заңды күшіне енді.
Құрметті азаматтар, Сіздерді табиғатқа ұқыпты қарауға және табиғат қорғау заңнамасын бұзу қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін есте сақтауға шақырамыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шахтинскіде 40 мыңға жуық тұрғын жылусыз қалуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы