ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мирослав Лайчак ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

"7-8 сәуірде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Словакияның Сыртқы және Еуропа істері жөніндегі министрі Мирослав Лайчактың Қазақстанға жұмыс сапары жоспарлануда. Сапар шеңберінде Мирослав Лайчактың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева және сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесулері күтілуде. Тараптар Қазақстан мен Словакия екіжақты ынтымақтастығы мен Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасында өзара әрекеттесудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ еліміздің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық бастамаларын талқыға салады", - деді СІМ-дегі брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар, Айбек Смадияров Лиссабонда өтетін Қазақстан мен Португалия сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы айтты.

"Бүгін Лиссабон қаласында Қазақстан және Португалия сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтуде. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал португал тарапын Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Педру Кошта Перейро басқарып отыр. Кездесудің күн тәртібінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Португалия ынтымақтастығы мәселелері қаралады. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді тиімді іске асыруға, сондай ақ тараптардың Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы өзара іс қимылына негізгі назар аударылады. Консультациялар шеңберінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыруға жәрдем көрсету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылады", - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
МОЙЫМАҒАНДАР
Өзгелердің жаңалығы