Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде 23 сәуірдегі жағдай бойынша эпидахуалды бағалау матрицасындағы ақпаратқа сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
Сондай-ақ «сары» аймаққа: Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары енді.
Ал «жасыл» аймақта: СҚО мен Түркістан облысы қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы