ЕО: Трамптың соғысты тоқтатуға нақты жоспары жоқ болып шықты
Reuters агенттігінің мәліметінше, еуропалық саясаткерлер Трамптың командасымен сөйлескеннен кейін, АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтатуға нақты жоспары жоқ деген қорытындыға келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ билігі Украинадан жылдам нәтиже күтуде, бұл – Киевке қысым жасап жатыр деген сөз. Ал Еуроодақ шенеуніктері алаңдаулы: егер АҚШ бұл бағытта шалт шешім қабылдаса, Украинамен бірге Еуропа қауіпсіздігіне де нұқсан келуі мүмкін.
Біз Ақ үйден бір-біріне қайшы сөздер естіп отырмыз. Демек, нақты ортақ жоспар жоқ, – дейді ЕО-дағы дереккөз.
АҚШ-та мұндай маңызды мәселе бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бірнеше рет толық құраммен отырыс өткізуі тиіс еді. Бірақ Трамптың командасы бұл мәселеге тек бір рет қана бас кеңесшілердің кездесуін өткізген.
Енді Еуропа Трамп әкімшілігінің Украина мәселесінде жүйелі жоспары жоқ деп қауіптеніп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды
Келесі жаңалық
Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды
Өзгелердің жаңалығы