ЕО тамызға дейін АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізбейді
Еуропалық одақ (ЕО) АҚШ-пен сауда дауын шешуге үміттеніп, 1 тамызға дейін америкалық тауарларға қарсы баж салығын енгізуді кейінге шегерді. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз, өз тарапымыздан, қарсы шараларымызды тамызға дейін тоқтата тұрамыз, – деді ол еуропалық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Сонымен қатар, фон дер Лейен ЕО Вашингтонмен келісімге келе алмаған жағдайда жауапты сауда шараларын дайындауды жалғастыратынын атап өтті.
Оның айтуынша, Брюссель үшін АҚШ-пен сауда келісіміне қол жеткізу басым бағыт болып қала береді.
1 тамызға дейінгі уақытты келіссөздер үшін пайдаланамыз, – деді Еурокомиссия басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап ЕО өнімдеріне 30 пайыздық баж салығын енгізу ниетін білдірген болатын. Алайда ЕО-мен келісімге қол жеткізілген жағдайда, бұл жоспардан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен турист құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы